Алакөлдегі демалыс тоқтатылды

Dalanews 23 июл. 2020 10:56 762

Бүгін, 23 шілдеден бастап Алакөлдің шығыс жағалауы демалушыларды қабылдауды тоқтаталды. Өйткені соңғы уақыттары вирус жұқтырушылардың саны біршама артқан. Сол себепті жергілікті билік орыны демалысты тоқтатуға мәжбүр болған.  

Қазір Туристік аймақтың кіре берісіне мобильді полиция бекеті қойылды. Бұл туралы бүгін Үржар ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылғанын айта кетуіміз керек.

«2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданындағы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалу және тұру үшін келетіндерді қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушылар жолдама мерзімі біткенше демалыс базаларында қалуға болады, – делінген хабарламада.


Естеріңізге сала кетеміз, Шығыс Қазақстан облысындағы туристік маусым осы жылдың 6 маусымында басталған болатын.

Рекомендовать
Последние новости