Әкімнің қонақтарына спонсор болып шаршадым

Dalanews 06 мар. 2018 13:51 814

Жылқышы Жылқайдаров хабарласты.

– 2018 жылдан саясатқа кетем. Аудан әкімінің қонақтарына спонсор болып шаршадым. Облыстық Маслихатқа депутаттыққа түсем, орын босады. Облыстық Маслихат депутатынан аудан әкімі спонсорлыққа ақша сұрап, мазасын алмайды екен.

– Дайындығын қалай, – дедім.

– Ұрып тұр. “Қазақ Арғымағы” деген медаль жасатым. 4 жылқыға 200 медаль. Өзгелердікіндей жәй темір емес, менікі алтын жалатылған, жарқ-жұрқ етеді.

– Әй, кластас оны қайтесің?

– Сайлауға дайындық. Сосын тойға барғанда рахат болды. Бұрын бай жылқышы ретінде тойға барып, құлын, тай, байтал атаушы едім. Енді медальді жарқыратып тағып берем. Қызды-қыздымен медаль алушы көрімдікке маған арғымақ мінгізетін болды. Сөйтіп 4 жылқым 200 жылқыға айналайын деп тұр. Нағыз бизнес. Айтпақшы, саған медаль керек емесін білем, анау медальсіз қалған дос-жарандар болса айт, 15-20 медальді салып жіберейін. Тек, сайлауға түскенде бір ауыз мені мақтап, ватсапқа салып жіберсе болғаны.

– Қатырасың сен, кіл мықтылар керек қой саған.

– Енді, аудан әкіміне біреуін тақтым, разы болды. "Жақсы болды биыл мараптасыз қалып едім. Айтпақшы, облыс әкіміне орден дайында" деді. Содан “Нағыз Қазақ Арғымағы” деген орденге тапсырыс беріп қойдым. Саған біреуін жазып бере аламын, – деді.

Айтпақшы достар, медальсіз қалған кім бар. Жылқышы досым Жылқайдаровқа тізім дайындап жатырмын.

 

Махат САДЫҚ, жураналист

Рекомендовать
Последние новости