Ажырасқан азаматтар Астанадан тегін баспана ала алмайды

Dalanews 19 мая 2017 04:27 909

Елорда басшылығы мемлекеттік қор пәтерлерінің кезегін қысқартуға бағытталған ерекше шешімдер қабылдауда, деп хабарлайды Elorda.info.

Астанада тегін баспана алу шарттары одан сайын қатаңдатылмақ.

Қазақстан елордасында баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін тіркелу мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, ал«толық емес отбасы» ұғымына тек жесірлер мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу ұсынылуда.

«Вечерняя Астана» газеті қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметовтың «Кезектің ұзаруын тежеуге бағытталған қосымша шектеу шараларын енгізу үшін басқарматұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізуді ұсынады. Ұсыныстар баспанаға зәру адамдар есебіне тіркеу үшін талап етілетін елордада тұрақты тұру мерзімін үш жылдан бес жылға дейін ұзартуды, әлеуметтік тұрғыдан осал топ категориясына қолданылатын кірісті шектеу талаптарын өзгертуді, ал кезекке тұруға құқық беретін мәртебеге ие болу жолында жасалатын жалған ажырасуларды болдырмау үшін«толық емес отбасы» ұғымын нақтылауды қарастырады. Аталған категорияға жесір әйел мен әйелі қайтыс болған ер азаматтарды ғана жатқызу қажет», — деген сөзін келтіреді.

Р.Ахметовтың айтынша, әкімдік баспана алу кезегінде тұрған азаматтардың тізіміне инвентаризация жүргізіп жатыр. 2016 жылы елордада кезекте тұрғандарға 93 пәтер берілді.

Биылғы жылдың сәуір айында тұрғын үй комиссиясының отырысына 260 пәтер ұсынылды. Олар төрт соғыс ардагеріне, 49 жетім балаға, әлеуметтік осал топ категориясына жататын 137 отбасына берілді.

Бұдан бөлек, I тоқсанда 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынған баспаналарды беру аяқталды. Тағы 65 адам баспанамен қамтылды.

Бұған дейін хабарланғандай, таяуда елорда басшылығы Қазақстанға кірерде баспана алуға ақшалай өтемақы алған репатрианттарды мемлекеттік қор баспанасы кезегінен алып тастауды ұсынған болатын.

Сондай-ақ, баспана кезегінен әскери қызметшілерді алып  тастау мәселесі де тұр. Олар бөлек тізімге тұрғызылады және несиелеудің жеңілдік шарттары ойластырылады.

Осылайша, басқарма мамандары кезекте тұрғандар санын екі есе азайтпақ.

Бүгінгі күні 45 516 адам коммуналды тұрғын үй қоры баспанасына зәру.

Рекомендовать
Последние новости