AIBA әділетсіздік жасаған Левитке алтын медальді қайтаруы мүмкін

Dalanews 18 авг. 2016 06:00 767

AIBA Риодағы Олимпиада ойындарында орын алған дауға байланысты бірнеше қазыны жұмыстан шеттетті.

Халықаралық кәсіби бокс қауымдастығы (AIBA) 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы даулы жекпе-жектер туралы ресми ақпарат таратты деп хабарлады Vesti.kz.

Риода көрсетіліп үлгерген 239 жекпе-жекті сараптай келе,
ұйым „қазылардың кейбір шешімі қажетті деңгейде қабылданбаған„ деген қорытындыға келді. Қателікке бой алдырған төрешілер мен қазылар 2016 жылғы Олимпиада ойындары аяқталғанша жұмыстарынан шеттетіледі.

Қандай жекпе-жектерде қателік жіберілді? Левит-Тищенко айқасының шешіміне қатысты мәселе қарастырылып жатыр ма? Бұл туралы ештеңе айтылмайды.
Жалпы, Олимпиада тарихында жеңісті қайта қараған сәт болған.

Мәселен, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында AIBA әзірбайжан боксшысы Магомед Абдулгамидовтың жеңісін жоққа (аннулировал) шығарып, оны жапондық боксшы Сатоши Шимидзуға алып берген. Қазылар алқасы соңғы раундта бірнеше рет шайқалақтап құлаған әзірбайжан боксшысының нокдаундарын тіркемей қойған еді.
Сондықтан AIBA әділетсіздік жасаған Левитке алтын медалін қайтарып беруі әбден мүмкін.

Еске сала кетелік, қазақстандық боксшы Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкоға 0:3 ұпайымен жол берді. Бірақ сол кезде залдағылар, одан кейін халықаралық баспасөз бен осы саланың майталмандары қазылардың шешімі әділетсіз болғанын айтып, бір шуласты. Соның ішінде Левитті жеңген ресейлік тараптың да спорт өкілдері бар.

Левиттің өзі де қазылар шешімімен келіспеді. Ол мұны ресейлік боксшымен бірге суретке түскенде күміс медалін қалтасына сүңгітіп жіберіп, аңғартқан еді. Яғни, суретке тек бір медаль ғана түсті. Осылайша бұл сурет мұндағы алтын Левитке лайық дегенді аңғартқандай.

Әлеуметтік желіде де бұл жекпе-жектегі қаралық туралы қоғамдық талқы әлі өршіп тұр. Тіпті, қазақстандықтар бұл жекпе-жектің қорытындысын қайта қарауды талап ететін петиция жариялап, интернетте қол жинай бастаған. Бір күннің ішінде қажетті 20 мың қол жиналып қалған еді. Алайда бұл интернет петиция өз миссиясына жетпей орта жолдан бұғатталды.

Дереккөз: kaz.365info.kz

[caption id="attachment_19074" align="aligncenter" width="800"]Левит Тищенко Левит Тищенко[/caption]

Рекомендовать
Последние новости