АЭС-ке қатысты референдумға қанша теңге жұмсалмақ?

Көркем Алдабергенова 03 сент. 2024 12:34 2407

Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсамақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

"Референдум туралы заңның 20-бабына сәйкес, біз орталық референдум комиссиясы Үкіметке шығын сметасын жобасын дайындап жібереміз. Бүгін таңертең оны істедік. Орталық комиссияның дайындаған сметасында шығыстардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге", - дейді Мұстафина. 

2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. АЭС салу мәселесіне қатысты Ұлттық Референдум 6 қазанда өтеді. 

"Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – "Халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз", - деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет.


Рекомендовать
Последние новости