Абсолюттік суық

Dalanews 18 июн. 2015 02:20 907

Массачусетс технология институтының физиктері абсолюттік нөлдік минус температураға қол жеткізгендерін мәлім етті. Олар натрий мен калийдің молекуласын 500 нанокельвинге дейін салқындатқан. 

Бұл іс-тәжірибе ғылымды тың жаңалықтарға бастауы мүмкін. Бүгінде ғарыш кеңістігіндегі ең суық температура – 273,15°C градус. Осыған дейін зертханалық жағдайда мұндай деңгейге дейін салқындату мүмкін емес болып келген еді. Суықтықтың мұндай шегінде көзге көрінбейтін микроорганизмдердің өзі тіршілік етуін тоқтататыны белгілі. Өте төмен температурада материяның бөлшектері қандай күйге түсетіні ғалымдарды қатты қызықтыруда.

Мартин Цвирляйн бастаған ғалымдар бұл бағытта терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, маңызды нәтижеге қол жеткізді. Олар өте төменгі температураға төзімді натрий мен калийдің молекуласын жоғары дәлдікте жұмыс істейтін лазерлік қондырғының көмегімен алып, оны өте төменгі температурада суытты. Осылайша ғалымдар өте төменгі температураның арқасында NaK молекуласына қол жеткізген. Ескерте кетеміз, ең төменгі суықтық бар болғаны 2,5 секундқа ғана сақталған.

Рекомендовать
Последние новости