Әблязов Жәкішевтің тағдырына обал жасады

Dalanews 25 июл. 2019 06:56 881

Саясаттанушы Әміржан Қосанов Жәкішевтің шатылуын Әблязовтан көреді.

"Үкілі үміт ақталмады! Неге?

Меніңше, Семей сотының Семейде емес, Астанада жазылған теріс шешімінің бірнеше себебі бар.

Біріншіден, Мұқтар – жай топ-менеджер емес. Ол атом өнеркәсібі секілді кез келген елдің экономикасында өз орнын ойып алатын іргелі, стратегиялық саланың жетекшісі болған азамат. Және де оның осы саланы біржақты, ресейлік тәуелділіктен құтқарып, көпвекторлы сипатта, соның ішінде дамыған батыс елдерімен тығыз интеграция негізінде дамыту жолының жақтасы болғанын бәріміз де білеміз.

Меніңше, біздің биліктегі ресейлік лобби оның бостандыққа шығып, осы сала төңірегіндегі алып-қашпа әңгімеге түсініктеме беруін қаламады.


Мұхтардың түгінгі сотта сөйлеген дәйекті, шыншыл сөзінің өзі не тұрады! Сотта осылай сөйлесе, бостандыққа шыққанда не болады?! Билік осыдан қорқып отыр! Яғни, ол жағдайда он жыл бұрын Мұхтарды соттатқан кландардың арты ашылар еді! «Еуразияшыл» біздің билік сол лоббистерге әлі де мойынсұнып отырғанын ап-анық көрсетті!

Рекомендовать
Последние новости