Әбілдаев? Перуашев Қазақстанды Еуродаққа қосқалы жүр

Dalanews 01 февр. 2023 10:00 802

"Ақжол" партиясының көсемі, экс-мәжілісмен Азат Перуашев Жаңа Қазақстан Батыстың жолымен жүруі тиіс деп есептейді. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Күні кеше өткен партия сиезінде Перуашев теріскей көршінің қытығына тиетін бірқатар даулы мәлімдеме жасады.

Оның ойынша Қазақстан еуропалық және демократиялық құндылықтарды өзінің өмір салтына айналдыруы тиіс. Мемлекет пен қоғамның ара қатынасында Батыстан жеткен демократиялық дағдыларға басымдық берілуі керек. Президент? Жоқ, парламентаризмді дамыта түсуге тиіспіз.

"Ақжол" жетекшісі болашақта Қазақстанда Еуроодаққа кіргізуді көздеп отыр.

"Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай, Батыстың үздік тәжірибесін қазақ қоғамына кіріктіру керекпіз. Қазақ қоғамын Батыстың үлгісімен құруға ұмтылу қажет.

"Ақжолдықтар" мұнымен шектеліп қалмай, келешекте елді Еуроодақ құрамына кіргізуді көздеп отыр", - деді Перуашев.

Айта кетелік, бұған дейін партия қатарында жік шығып, Алаш ұстанымын ұстанатын "ақжолдықтардың" арасында Путиннің агрессиясын қолдайтын ресейшіл депутаттар бар екені анықталған.

Перуашевтың оң қолы саналған атышулы Азамат Әбілдаев Путиннің саясатын қолдайтынын айтып, қоғамның талқысы мен табасына ұшыраған.


Әбілдаев мұнымен шектелмей, Киевтің басқыншыларға қарсы күресіп жатқан басшылығын "нацистер" деген болатын. Ол көп ұзамай партия қатарынан шығарылды.

Айтқандай, Бозымбаев билікке оралады деп жатыр. Толығырақ мына жерде: t.me/dalainside/1114

Рекомендовать
Последние новости