«9М» жобасын ұйымдастырушылар ардагерлерге жолдама таратты

Dalanews 02 мар. 2015 03:27 905

«Болашақ» қауымдастығы қоры мен ҚР Президенті жанындағы Денсаулық сақтау  орталығына қарасты «Алматы – Resort» емдік шипажайы «9М» жобасының аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына сауықтыру  шипажайында  демалуға 15 жолдама табыс етті. Бұл  шипажай  тәжірибесіндегі алғашқы  іс-шара  емес, 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының  қолдауымен он үш ардагер шипажайдағы емдеу курстарынан өткен болатын.


Бұл  жолы жолдамаға Алматы  қаласында тұратын 15 ардагер мен еңбек майданының қатысушылар ие  болды. Ардагерлер бұл – Жеңіс  күні  қарсаңындағы пайдалы сыйлық болғанын тілге тиек етті. Олар алдағы мереке кезінде түрлі  шерулерді жүруі мүмкін. Сол кезде ардагерлердің физикалық  тұрғыдан  шыныққаны маңызды. «Алматы» шипажайының басшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Қанат Төсекбаев ардагерлерге  алғыс  айтып, жоба мұнымен  тоқтамайтынын, алдағы уақытта ардагерлерге кепілденген реабилитацлық көмек беретін жолдама беретіндерін алға тартты. Қанат Төсекбаев сонымен қатар ардагерлеріміздің  денсаулығы мен  жасын  ескеріп  үздіксіз  бақылап отыру  керектігін  ескертіп, алдағы  уақытта  осындай  іс-шараларға  еліміздегі


 

Рекомендовать
Последние новости