Белгілі саясаткер Борис Немцовты атып кетті (видео)

Dalanews 27 февр. 2015 17:35 903

Бүгін түнде Мәскеуде белгісіз біреулері белді оппозиционер, путиндік режимді сынаушылардың бірі Борис Немцовты атып кетті. Құқық қорғау органдары қылмыскер 55 жастағы саясаткерді төрт рет атып, із жасырғаны жайында хабар таратты.

Саясаткердің оққа ұшып, мерт болғаны жайындағы алғашқы хабарды оның әріптесі Илья Яшин Фейсбукатағы парақшасында жазған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға болған жерді қоршап, тергеу жұмыстарын жүргізуде. Борис Немцовты ақ көлікке мінген белгісіз біреулер тапаншамен атқаны мәлім болып отыр. Кейбір ақпарат құралдары Б.Немцов оққа ұшқанда оның жанында Киевтен келген белгісіз бойжеткен болғанын алға таруда. Оның кім екені әзірше білгісіз. Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин марқұмның отбасына, күтпеген қазаға байланысты қайғырып, көңіл айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=UOcFFJYvacI

Борис Немцов «Солидарность» қоғамдық қозғалысының тең төрағаларының бірі болған еді. Ол кезінде Нижегородск облысының губернаторы, РФ Үкіметінде Энергетика және жанар-жағармай министрі болған.

Борис

Рекомендовать
Последние новости