9 өңірде ауқымды сейсмикалық жаттығу өткізіліп, сирена қосылады

Сағыныш Сардарова 31 мая 2024 10:36 2261

Жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін аумақтарда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

3-4 маусымда сейсмикалық қауіпті өңірлерде, яғни Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

"Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.  

3 маусымда сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін өңірлерде "Баршаның назарына!" сирена сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Сондай-ақ, адам көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. 

"Оқу-жаттығу төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл іс-шараға республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар қатысады.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер, далалық медициналық ауруханалар көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости