850 мың теңге үстемақы алған дәрігерлер мемлекет қолдауына алғыс айтуда

Dalanews 12 апр. 2020 14:27 920

Үстемақыға ие болған дәрігерлер мемлекеттің қолдауына алғысын білдіруде, деп хабарлайды  Dalanews.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алатынын хабарлаған еді.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрған еді. Мемлекеттің қолдауына ие болған дәрігерлер алғысын айтуда. «Аса қауіпті» санатқа енетін дәрігерлер 850 мың теңге үстемеақыға қол жеткізетіні белгілі.

Соның бірі – елордадағы №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Айнұр Омарова. Qazaqstan ұлттық арнасы арқылы ол 20 күн бойы жұмыста жүргенін жеткізді.

«Екі баламды осы 20 күн бойы көрген жоқпын. Оларды жазда демалысқа апаруға уәде бергенмін. Осы алынған ашқаны ипотекалық бастапқы төлемге жұмсаймын», - дейді ол.

Балалар жұқпалы ауруханасында аса қауіпті бірінші санатта 6 дәрігер қызмет етеді. Қауіптілігі орташа екінші санатта 3 маман. Наурыз айындағы жалақыларына еселеп ақша алған олардың алғысы шексіз.


«Өз атымнан және осы жердегі дәрігерлердің бәрінің атынан министрлікке алғыс білдіремін. Қиын кезде біздің жанымызда болды. Психологиялық көмек көрсетті. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені – зор қуанышқа кенелтіп отыр», - дейді аталмыш аурухананың тағы бір дәрігері Инна Яковенко.

Үстеме қаражат 3 ай қатарынан беріледі. Бұл дәрігерлер үшін үлкен демеу.

Қазір олардың жұмысы қиындамаса, жеңілдеген жоқ. Себебі сақтық шараларын қатаң сақтап эпидемияны таратпау үшін олар барын салуда. Үйлеріне қашан қайтатыны да әзірге белгісіз.

 

Рекомендовать
Последние новости