80 жасында әлемді таңғалдырып жүрген қазақстандық марафоншыны білесіз бе?

Ақтоты Жапатова 04 нояб. 2025 18:53

Жамбыл облысының тумасы, 80 жастағы Салтанат Түйтебаев – табандылық пен жігердің нағыз үлгісі. Ол өмірінің көп бөлігін білім саласына арнап, мұғалім, мектеп директоры, кейін түрлі салаларда басшылық қызметтер атқарған. Ал зейнетке шыққаннан кейін спортқа қайта оралып, жеңіл атлетика мен марафон жүгіруде әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салтанат аға 2016 жылы Австралияда өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленіп, 2017 жылы Жаңа Зеландияда өткен әлемдік ойындарда чемпион атанды. 2021 жылы Нью-Йорк марафонында жүлдегер болса, биыл – 2025 жылы 80 жасында дәл осы марафонда жеңімпаз болып, тарихи жетістікке жетті.

«Қозғалыс — өмір» деген ұстаныммен өмір сүретін ардагер спортшы бүгін де күн сайын жаттығу жасап, жаңа жарыстарға дайындалуда. Оның келесі мақсаты — 2026 жылы Кейптаунда өтетін ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты мен 2027 жылғы Жапониядағы Олимпиадаға қатысу.

Салтанат Түйтебаевтың өмір жолы – жастың емес, рухтың жеңісі екенін дәлелдейтін шабытты тарих.


Рекомендовать
Последние новости