5 жылға сотталған танымал вайнерлер аппеляциялық шағым түсірді

Dalanews 18 янв. 2024 08:20 1092

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы белгілі вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісін қарай бастады.

Апелляциялық сатыдағы сот отырысына жауапкерлердің өзі қатыспайды. Олардың мүддесін адвокаттары қорғайды.

Айта кетейік, былтыр 23 маусымда Алмалы аудандық соты танымал вайнерлерге Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім шығарған болатын. Айыпталушылар тарапында барлығы 12 адам болған.

Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Осылайша, Алмалы ауданының соты вайнер Мейіржан Төребаевқа қауіпсіздігі ең төмен колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мейірхан Шерниязовқа да дәл осындай жаза берілді. Қалған қатысушыларға 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден аса сомадағы талабын қанағаттандырды.

Сурет: © instagram/meirzhach_tv

Рекомендовать
Последние новости