46 облыстық газет-журнал жойылды

Dalanews 20 дек. 2019 03:18 946

Қырғызстанда мемлекеттік бюджет есебінен шығарылатын 46 газет-журнал жойылды. Бұл туралы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің өкілі Салкын Сарногоева мәлімдеді.

– Әділет министрлігі аталған газет-журналдардың қызметін тоқтатты. Қазір жаңа медиа орталығын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Облыстарда істеген 600 қызметкердің 110-ны қысқартылып, қалғандарының айлығы 15 процентке көбейді.

Қазір жеті облыста медиа орталығы құрылып жатыр. Оған облыстық телеканалдар мен газеттер біріктіріледі. Жаңа жылдан бастап аймақтық медиа орталықтардың біріңғай сайты жұмыс істей бастайды. Бұл бойынша тендер жарияланады, – деді Сарногоева.

Бұдан бөлек қаңтар айынан бастап медиа орталықтардың әрбір қызметкері жаңа медиа бойынша арнайы курстарда оқитын болады.

Рекомендовать
Последние новости