Ұялы телефонды тіркемегендерден жауап алына бастады

Dalanews 20 дек. 2019 03:11 820

Өзбекстанның арнайы қызмет өкілдері Ташкенттегі «Малика» базарында ұялы телефон сатқан кәсіпкерлерді тексере бастады.

Саудагерлердің айтуынша, рейд барысында оншақты адам Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысына жеткізіліп, шетелден телефон таситын кәсіпкерлердің аты-жөнін айтуды талап етіп жатқан көрінеді.

Базарда жұмыс істейтіндер мұндай рейдтерді шетелден әкелінетін телефондарды тіркеу бойынша жаңа ереженің күшіне енуімен байланыстырады.

1 қарашадан бастап Өзбекстанда мобилдік телефондардың IMEI кодын UZIMEI біріңғай мәліметтер базасына тіркеу ережесі енгізілген. Одан телефон бағасынан 15 процент көлемінде баж салығы алынады. Тіркеуден өтпеген телефондарға жергілікті ұялы операторлар байланысы қолжетімсіз болады.


Жаңа ережеге сәйкес, әрбір азамат алты айдың ішінде шетелден сатып алған телефондарын тіркеуден өткізуі тиіс.

Осыған дейін мұндай ереже Ресейде, Беларусьта, Қазақстанда және Тәжікстанда енгізілген. Мұндай шешімдерді ел билігі «қылмысқа қарсы күреспен» түсіндіреді.

Өзбекстандық кәсіпкерлер IMEI кодтарды тіркеу монополистердің қолында екенін және оның қауіпсіздікке еш қатысы жоқтығын айтады.

Рекомендовать
Последние новости