400 млн теңгені қалтасына басқан "Ansar Gold" қаржы пирамидасы әшкере болды

Көркем Алдабергенова 04 июл. 2025 10:18

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.

Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп"  ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Рекомендовать
Последние новости