3924 адам жұмыспен қамту бағдарламасына тартылған

Dalanews 19 нояб. 2018 05:40 861

Келес ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 2018 жылы 4107 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланған болса, 2018 жылдың 10 айында  3924 азамат бағдарламаға тартылған. 



Оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамтылғандар бойынша 1537 азамат, жұмыссыз азаматтардан 972 азамат, жұмыс іздеп келушілерден 1231 азамат тартылған. Осылайша мемлекеттік бағдарлама аудандағы жұмыссыздықты жойып, халықты жұмыспен қамтыуға барынша септесіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жүргізіле беретінін сала мамандары алға тартып отыр.

Сонымен қатар, табысы аз 5214 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жоспарланып, 10 айда 3492 отбасы қамтылып, жылдық жоспар 67 пайызға орындалды.

Жоғарыда атап өтілген көрсеткіштер мен алға қойылған тапсырмаларды ескере келе, алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Келес ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости