"37 млрд...". Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жарияланды

Dalanews 25 сент. 2022 08:09 788

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жариялады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Антикор таратқан ақпарат бойынша 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль абақтыда жатқан Сатыбалдының аса сенімді адамы саналады. Ол Сатыбалдыға қарасты бірқатар коммерциялық кәсіпорындардың құрылтайшысы және директоры.

Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болған.

Ол үшін оған Қ. Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген.

Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қ.Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд. теңге және 62 млн. ақша алған.


Агенттіктің дерегінше Эфенди биылғы жылдың ақпан айынан бастап  Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүр.

Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланған.

"Ал Қ.Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", – дейді Антикор.

Рекомендовать
Последние новости