Қазақстанда осы айдың соңына дейін алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төраға орынбасары Ғұмар Серғазин Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Серғазин 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін конкурсқа өтінімдер қабылданғанын еске салды. 25 қыркүйек 2025 жылы сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған конкурсқа 27 000-нан астам адам қатысқан.
— Конкурс комиссиясының отырысы шешім қабылдайды, анықтайды және егжей-тегжейлі хабарлайды. Жақын арада. Менің ойымша, осы айдың соңына дейін бұл мәлімет белгілі болады, — деді ол.
