17 мыңнан астам шымкенттік мемлекеттік қызметтерді Telegram-bot арқылы алған

Dalanews 17 июн. 2019 10:40 896

Мамыр айында мемлекеттік қызметтер ұсынатын телеграмдағы EgovKzBot-қа 1 жыл толды. Осы уақыт ішінде оны 17 мыңнан астам шымкенттік пайдаланып, 47 мыңнан астам қызмет алған.


Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын тelegram-боттың көмегімен тек төрт танымал қызмет түрін: мекенжай, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысы, сотталмағаны және жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы сияқты анықтамаларды алуға болатын еді.


Бүгінде боттағы қызметтер мен сервистер саны 25-ке жетті. Оны қолданушылар жақын жердегі ХҚО-да кезек брондап, өзін борышкерлер тізімінен тексеріп,  наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер есебінде тұрмауы жөніндегі анықтамаларды алып, дәрігер қабылдауына онлайн жазыла алады.


Бот арқылы анықтамаларды бір минуттың ішінде алып, керекті электрондық поштаға жолдауға болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі Алтынай Татаеваның айтуынша, миллион тұрғыны бар шаһар халқы үшін анықтамаларды ХҚО-ға бармай-ақ алу өте қолайлы.


EgovKzBot Telegram-ботының тұрақты пайдаланушысы болу үшін азаматтар тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет.



Мұны egov.kz электронды үкімет порталының жеке кабинетінде немесе кез-келген ХҚО-да жасауға болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ 
Шымкент қ. бойынша филиалының 
баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости