15 қырқүйектен бастап оқушылар қашықтан оқуға жіберіле ме? - ДСМ жауап берді

Қаракөз Амантай 23 авг. 2024 12:17 7474

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқытуға жіберілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Dalanews.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жалған ақпаратта 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберілетіні туралы айтылған.

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат тарады. Бұл - жалған. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы  жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі", - делінген хабарламада.

Қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

"Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости