«1346 баланың 277-сі ғана қазақ балабақшасына барады». Петропавлдың атын өзгертпес бұрын балалардың тілін сындыру керек

Dalanews 25 апр. 2022 02:58 985

Халқаралық «Қазақ тілі» қоғамының СҚО филиалының ұйымдастыруымен, Петропавл қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы мемлекеттік тілдің жағдайы туралы жиналыс өтті.

Жиналысқа қалалық білім бөлімінің жауаптылары мен мектеп және балабақша басшылары қатысқан.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша, тақырып қазақ балаларын қазақ мектептер мен қазақ балабақшаларға тартудың жолдары туралы пікір алмасу болды.

Естісең жағаңды ұстайсың... Қала бойынша мектеп жасындағы 9 480 қазақ баланың 3 602-сі қазақ мектепте білім алса, 3 776 бала орыс мектепте, қалған 2 502 бала аралас мектептерде білім алады екен.

Қалада 6 қазақ мектебі, 8 аралас мектеп, 24 орыс мектебі бар екен.

Ал Петропавлдағы мектеп жасына дейінгі 1 346 қазақ баласының тек 277-сі ғана қазақ тілдегі балабақшаға баратын болып шықты.

Қазақ тілдегі балабақшаның саны 4 болса, аралас балабақша саны 19 (мұны да орысша деуге болады).

Жиналысқа қатсушылардың пікірінше, тіл заңмен қорғалмаса еш нәтиже бермейтіні айтылды.

Қаланың атын өзгертеміз деп ұрандап жүрген ағайындарға айтарым, алдымен ұлтымыздың ұлы қасиетін ұқтыратын, Ана тілімізді тұғырға қондырмай ештеңе өзгермейді, демекпін!

Мүмкін көші-қонды ауылға емес,  қалаға бағыттау керек шығар... Ал сіздің ұсынысыңыз қалай?

Әбдіғани БАЗІЛХАНҰЛЫ

Рекомендовать
Последние новости