10 пәтері бар азаматтарға қосымша салық көбейеді

Dalanews 19 сент. 2023 07:56 1183

Қазақстанда 10 пәтері бар азаматтар үшін салық көбейетін болды. Бұл туралы  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. 

Сонымен, елімізде 10 пәтері бар адамдарға салынатын қосымша салық көлемін көбейту мәселесі қаралып жатыр.

«Мысалы, адамда ауданы 50 шаршы метр болатын 10 пәтері бар дейік. Ол әрбір пәтеріне 11 мың теңге салық төлейді. Әрбір объект 10 мың теңгеден саналып, 10 нысанға жалпы 100 мың теңге (салық) салынады. Енді біздің көзқарасымыз барлық объектіні біріктіру болып тұр. Нысанның құны жоғары болса, салынатын салықтың құны соғұрлым жоғары болады. Мысалы, біз осы 10 нысанның барлығын қоссақ, онда 100 млн теңге болады. Тиісінше, салық та жоғары болмақ. Енді 10 пәтер үшін жылына салынатын салық 100 мың теңге емес, 400 мың теңгеге жуық, яғни салық 4 есе артады. Негізінен бұл – әділетті», – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр Әлібек Қуантыров қымбат алкогольге де қосымша салық салынуы мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, 10 жыл сақталған Macallan (виски) 7 млн теңге тұрады. Оның акцизі – 700 теңге. Оны біз 10 есе арттырып, құнын шамамен 10%-ға көбейтеміз, – деді министр.

Рекомендовать
Последние новости