Түркістан облысындағы «Агро кеңес беру орталығы» шаруаларға қолдау көрсетуде

Dalanews 19 сент. 2023 07:55 1111

Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілетін өнімдердің мөлшерін  арттыруда диқан мен малшы қауымының агробіліктіліктерін арттырудың маңызы ерекше. Сондықтан Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан «Агро кеңес беру орталығы» құрылып, демонстрациялық алаңдар ашылған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне агротехнологияны тиімді пайдалануға кеңес беру, зиянкестермен күрес шараларын үйрету, шаруаларға тұқым таңдауға ұсыныс беру арқылы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Химиялық тыңайтқыштардан бас тартып, толық органикалық тәсілмен өнім алуды, мал шаруашылығы саласында жоғалып бара жатқан ірі қара мал  генефондын сақтап тұқымдық құрамын жақсартуды көздейтін кәсіпкерлер палатасының пилоттық жобасы шаруалар үшін тиімді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбеков облыс аумағындағы «Марғұлан» шаруа қожалығы мен «Рамазан Агро» ЖШС-не барып, демонстрациялық алаңдарындағы ахуалмен танысты.


Отырар ауданы, Талапты елді мекенінде орналасқан «Марғұлан» шаруа қожалығы базасындағы 20 гектар алқапқа жүгері егілген.

Шаруа қожалығының иесі Бекжан Ибашев жиырма күн ішінде жиын-терім жұмыстары басталатындығын мәлімдеді. «Агро-кеңес беру орталығының» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаевтың айтуынша, биыл шаруаның «Пионер» сортты жүгері собығынан мол өнім алуға мүмкіндігі жоғары.

Себебі, демонстрациялық алаңда дақылдарды агротехникалық талаптарды сақтай отырып органикалық негізде өсіруге маңыз беру арқылы өнім алынады.

Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекеніндегі «Рамазан Агро» ЖШС-нің меншігінде 723 гектар жер телімі бар. Оның ішінде 65 гектар аумақтағы демонстрациялық алаңға органикалық негізде мақта егілген. Шаруа қожалығының төрағасы Мейірхан Мырзабайұлының сөзінше, қазан айының ортасында мақта терімі басталады. Алқаптағы «Эдесса» мақта сортынан жоғары өнім алынады деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости