10 айда 11 мың қазақ көшіп келген

Dalanews 09 нояб. 2018 09:34 872

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше биылғы жылдың алғашқы 10 айында елге 7 162 отбасы немесе 11 617 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алған деп хабарлайды Dalanews.kz.

 Атамекеніне оралған қандастарымыздың басым бөлігі – 47,9 пайызы Өзбекстаннан, 40,4 пайызы – Қытайдан, 3,8 пайызы – Моңғолиядан, 2,9 пайызы – Түркменстаннан, 1,3 пайызы – Ресейден  және 3,7 пайызы – басқа елдерден көшіп келген. 

  Қандастардың ең көп бөлігі  Алматы облысына (32 пайыз) орналасыпты.

Ал Түркістан облысына  биыл атажұртына оралған оралмандардың 18,1 пайызы, Маңғыстау облысына 10,9 пайызы, Астана қаласын 9,4 пайызы қоныстанған.
Жас мөлшері мен еңбекке қабілеттілігі бойынша айтсақ,  2018 жылы тарихи отанына оралған қандастарадың  63,9 пайызы жұмысқа жарамды. 18 жасқа дейінгі балалар – 26,9  пайыз, ал зейнеткерлер небәрі 9,2 пайыз. 

 Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 15 пайызы жоғарғы, 26 пайызының арнайы орта, 53 пайызының жалпы орта және 6 пайызының білімі жоқ. 

Ал Статистика комитетінің дерегінше былтыр Қазақстаннан 37 725 адам көшкен.

Оның 32 874 –і  Ресейден қоныс тапқан. Төлқұжат ауыстырғанның 72,3 пайызы орыс екен.



Бұдан бұрын сайтымызда Ресейдегі Аймақты мәселелерді зерттейтін институт директоры Дмитрий Журавлевтің сұхбаты жарияланған. Оның айтуынша, 

Қазақстандағы орысты елге шақырған Путиннің өзі. 




 


Рекомендовать
Последние новости