Dalanews 18 мая 2018 06:35 819

Оңтүстік Қазақстан облысының 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданында алдағы 5 жылда өздерінде өндірілген электр қуатымен толық қамтылатын болады. Бұл туралы Төле би ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.



Осы мақсатта ауданда жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді. Ал осы жылдың қыркүйек айында қуаттылығы 5 МВт, құны 1,5 млрд теңге болатын «Ақсу қуат» алғашқы су электр стансаның құрылысы аяқталатын болады.

Сонымен қатар биыл аудан орталығы Леңгір қаласында қуаттылығы 10 МВт болатын «ДСТО- Solar» күн электр стансасы мен Қасқасу ауылдық округінде қуаттылығы 5 МВт болатын «Сары-Айғыр Қуат» шағын ГЭС құрылысы басталады. Баламалы электр қуатын өндіру бойынша «ДСТО- Solar» жобасының құны 4 млрд теңге.

Бұл жобалардың барлығы іске қосылған жағдайда 30 МВт-қа жуық электр қуаты өндіріледі. Айта кетейік, бүгінде ауданның электрге қажеттілігі шамамен 20 МВт, қалғаны күн сайын электр қуатының қажеттілігі артып келе жатқан ауданның өндірістік даму бағытына пайдалану көзделуде.

Рекомендовать
Последние новости