«Бек Эйр». Бір ұшақтың бөлшегін келесі ұшаққа салып келген

Dalanews 21 қаң. 2020 04:40 143

«Бек Эйр» АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттаманы тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған.

«Бек Эйр» бір ұшақтың құрамдас бөлшектерін алып, басқа ұшаққа орнатып отырған. Оған қаражаттың жетіспеушілігі және ескі ұшақ үшін қажетті бөлшекті табудың қиындығы себеп болған, деп хабарлады Астанателеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда 12 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан кейін тексеріс бастаған «Авиациялық әкімшілігінің» алғашқы нәтижелері осындай. Сондай-ақ, қозғалтқыштан оның жұмыс уақытын көрсететін сериялық нөмірлер туралы ақпарат белгілерін алып тастаған. Осылайша оның неше жыл жұмыс істегенін де анықтау мүмкін емес. Әуе компаниядағы кадр мәселесі де өзекті тұрған көрінеді.

«Бек Эйр» АҚ кадрларын даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені құжаттаманы тексеру барысы қауіпсіздік бойынша оқыту және оларды компаниядағы есепке алу мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алған. Бұл ретте барлық экипаждар ұшақты дұрыс пайдалануды тиісті түрде үйренуі үшін кадрларды даярлау процесін жақсарту үшін шаралар қабылдау қажет.


Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр. Ол аяқталғаннан кейін авиакомпания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық заң бұзушылықтарды жою бойынша түзету жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заң бұзушылықтар жарты жыл ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылмақ.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x