Оралбек Ботбай: «Вьетнам – жасампаз ел»

Dalanews 03 нау. 2018 04:26 210

Соңғы уақыттары экономикалық дамудың эстафетасына Шығыс Азия елдері өз қолына алды. Аталған аймақтағы қуатты елдердің бірі – Вьетнам десек, қателеспейміз. Жақында социалистік даму бағытынан айнымаған Вьетнамға белгілі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай бастаған қазақстандық делегация барып қайтты.

Сапар барысында оңтүстіктен шыққан аптал азамат Оралбек ағамыз Вьетнам елінің солтүстігінде xалықтар арасындағы достықты нығайтудағы қосқан үлесі үшін үкіметтік медальмен марапатталып, ондағы әріптестерімен ой-пікір аламасып қайтты. Белгілі кәсіпкерден бұл сапардың маңызы жайында сұрап, білудің сәті түсті.

– Вьетнам жасаған сапарымыз сәтті өтті. Бірінші кезекте елдің оңтүстіктегіндегі Хошимин қаласына ат басын бұрып, ондағы жағдаймен таныстық. Өзім кәсіпкер болғаннан кейін әр ел мен әр қаланың бизнесті дамытудағы іс-тәжіриьесіне баса мән беріп, қызықты деген дүниелерін сұрап, біліп аламын. Вьетнамның астанасы Ханойдан кейінгі ең ірі екінші орындағы қаласы – Хошимин. Бұл қазақстандық туристерге жақсы таныс шаһар десек болады. Өйткені, Хошиминде туризм жоғары деңгейде дамыған. Өз басым бұл қаланы біздің Алматыға ұқсаттым. Біздің Алматыда еліміздегі туристер жиі келетін қала ғой. Вьетнамға жасаған жұмыс сапарымның барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттарды ел болып іске асырудың маңызды тұстары көп екенін байқадым. Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында еліміздің аймақтарын соның ішінде Аламатыны дамытуға ерекше назар аударды. Біздер әр өңірдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, дамытатын болсақ, экономикаға орасан зор пайда келітіретіні белгілі. Вьетнам сапары кезінде Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы дүниежүзі елдерінің озық іс-тәжірибелерін басшылыққа алып дайындалатына көзім жете түсті. Жалып, Шығыс Азиядағы жетекші ел – Вьетнаммен экономикалық байланысты нығайтудың маңызы зор деп есептеймін, – деді белгілі кәсіпкер Оралбек Ботпай ағамыз.

 

Сонымен қатар Оралбек мырза ел астанасы Ханойға келген сәтінде бұл жақтың оңтүстіктің тұрғындарына  астаналық қаланың тұрғындарды тосырқай қарайтынын байқапты. Иә, біздің де шымкентіктерге кең байтақ Қазақстанның тұрғындар тосырқай қарайтыны жасырын емес. Мұны да Вьетнам мен Қазақстан арасындағы ұқсастық деп қабылдауға болатын шығар.

Қарапайым вьетнамдықтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін бақылаған Орекең олардың өте еңбекқор, патриот екенні байқапты. «Ел астанасы Хонойды аралап шықсаңыз, ортасында қызыл жұлдызы бар жалауды көптеген жерден көруге болады. Базар, вокзал бір сөзбен айтқанда, адам аяғы көп жерлерден жұлдызы бар қызыл жалауды көруге болады», – дейді өзге елге жасаған сапарының әсерімен бөліскен кәсіпкер ағамыз.



– Кеңестік кезеңдегі бір қазақ жазушысының Сирияға барған сапарын оқығаным бар. Сонда тәуліктік ақшасын долларға ауыстырған вьетнам жазушысы тамақ ішпей ақырын ғана ақшасын әмиянына салып қойыпты. Сонда ол өзінің бұл әрекетін «Күні кеше ғана американдықтармен соғысып, ауыртпалықты бастан өткерген еліме 40 доллар болса, көмек қой» депті. Бүгінде вьетнам мен американдықтардың арасындағы соғысының аяқталғанына 40 жыл өтті. Бірақ қарапайым вьтнамдықтардың елжандылығы баяғыдай қалып қойғаны мені қатты таңқалдырды, – деп Оралбек Ботпай мырза әңгімесін естігенімізде кезінде азуын айға білеген АҚШ-қа қарсы тұрған Вьтнамның шынымен де жасампаз ел екенін түсінгендей болдық.



 Айнұр НҰРЛАНҚЫЗЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x