Министр мырза, Димаштан ақшаны аямаңыз!

Dalanews 25 мам. 2017 03:23 256

Мәдениет минитсті Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың ЭКСПО-2017 аясында өтетін Bastau концертінен алатын қаламақысы жайлы айтты,деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрдің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің гонорары аз болмайды.

– Әншілердің гонорарлары туралы айтар болсам, олардың деңгейлеріне қарай гонорар көлемі белгіленеді. Мәселен, бас әншісінің гонорары деңгейіне сәйкес жоғары болады. Димаштың қаламақысы қанша екенін толық айта алмаймын, бірақ оның көңілі толатында етіп береміз. Бұл әншінің жеке мәселесі болғандықтан нақты соманы атай алмаймын. Келісім-шартта бәрі жеке өзімен шешілетін болғандықтан, мен бұл тәртіпті бұза алмаймын, – дейді министр.

Оның айтуынша, концерт алғаш рет өткелі отыр.

– Мәселе қаламақыда да емес. Бұл концерт бізде алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бізде «Музарт» секілді танымал орындаушылар бар. Алайда бұл жолы тұңғыш рет 30 мың адамның бәрі бір әншінің өнерін тамашалайтын болады, – дейді ол.

Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертінде басқа да танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

– Біз қытайлық Hunan TV арнасымен келісімшартты рәсімдедік. Шоу өте қызықты болады. Себебі оған үздік режиссерлер тартылуда. Қазіргі кезде біз эстрадалық-симфониялық оркестрді жасақтадық. Дирижерді де анықтап қойдық. Ал Димашпен бірге ән айтатын әртістер туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені келісімшарт талаптары нақтылануда, – деді Мұxамедиұлы бүгін журналистерге берген сұxбатында.

 

Дереккөзі: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x