12-13 мамырда Шымкентте көрмеге қатысқан кәсіпкер Салохиддин Зайнудинновтың айтуынша, саудагерлер өнімдерін Қазақстанда қымбатқа сата алды. "Мысалы, бізде 85 мың сум (шамамен жеті мың теңге) тұратын сувенирді Шымкентте 450 мың сумға сатуға болады. Шымкентте көрме өтетінін естіп, біз қатты қуандық", – деді ол.
Бағдаршам және жол белгілерін өндіруші Сергей Трахтенберг өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің саясаты "Қазақстанмен сауда қатынасын дамытады" деп үміттенеді.
Бұл уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер басқармасының бөлім басшысы Хикматулла Райымбеков өзбек тауарларының бағасы арзан екенін, бірақ ішкі нарықты да қорғау қажеттігін мәлімдеді. "Өзбекстандық тауарларды қазақстандық нарыққа жіберсек, отандық тауар өндірушілерге қиын болады. Өзбек тауары - арзан", - деді шенеунік.
Биыл наурызда Қазақстан мен Өзбекстан арасында келісім қабылданғалы бері екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30 пайызға өскен.