Жұбайлар бар әңгімесі таусылған...

Dalanews 08 сәу. 2015 23:17 387

Неге бір-бірін сүймейтін жұптар одағы мықтырақ? Сүймеген қызбен немесе сүймеген жігітпен өмірін қосқысы келетін, сондайды армандайтын адамдар бар ма? Есеппен үйленуді есептемегенде. Бірақ айналаңызға қараңызшы: сүймесе де бірге тұрып, бір-біріне тек төзіп жүрген отбасылар толып жатыр. Екінің бірі сондай ма деп қаласың. «Өзіңдікі», бірақ «бөтен». Неге бұлай болады? Неден басталған? Ол жағы маңызды емес. Қателескен болар, құмарлық сезімге ұласпады, ғашықтық туралы түсінігі өзгерді, не айтсаң да онымен өмір қызық емес болып кетті. «Менікі емес» болды да шықты.
Әйткенмен, олар сүймедім екен деп ажыраса салмайды. Осы жағдайдың көзге ұрып тұрған жеті себебі туралы баяндасақ.

[caption id="attachment_10072" align="alignright" width="340"]Отношения-в-семье Бақытты күндер қайда әлгі?..[/caption]

Стереотип. Кез келген 25 жастан асқан басы бос қыз – не қақпас болады, не кәрі қыз атанады. Шетелге қарағанда, бізде өзгешелік бар. Біздің қыздар жасы келгенде күйеуге шығады, не болмаса жігіті болуы керек, әйтеуір жалғыз қалуы мүмкін емес. Ал, зарығып күткен махаббат дер шағында келмесе, яки жолы болыңқырамаса, қайтпек? Егер әйел заты отызға келіңкіреп немесе отыздан асыңқырап тұрса, онда олар енді ешнәрсені күтудің қажеті мүлде керек жоқ деген ойға беріле бастайды. Күйеу болуға үміткер рөліне сол әйелді көптен ұнататын, болмаса оны әйел болуға лайықты деп тапқан ер азамат табыла кетеді. Сезімге басымдық берілмейді. Жалғыз қалмау үшін әйел тамақ әзірлеп, үй жинап, футболға да шыдауға бар.

Әдет. Пайызбен өлшеп санамалағанда, әдет көп нәрседен ұтады. Түсіністік пен құмарлық бастапқы кезде қызу болғанмен, уақыт өте келе суына бастайды. Тек арадағы екеуара сыйлықтар, хаттар, ортақ достар, бірге өткізген уақыт жайлы естеліктер ғана қалады. Естіген құлаққа түрпідей тисе де айтайық, көп қыз өзі сүймесе де анасына сол жігіт ұнаған соң шыдап, төзе береді. «Ол сондай тамаша, екеумізді көрген жанның бәрі бізді бір-бірін дәл тапқан деп айтады». Қарым-қатынасты әдетке айналдыру – сезімнің өлуінің алғашқы белгісі. Ол қай жастағы жұптардың басына түсетіні маңызды емес. Махаббатты әдетке айналдырмаңыз. Оны сезініңіз.

Қауіпсіздік. Патриархат өз дегенін істеп келеді. Феминистер бәрін кері бұруға тырысқанмен, олардың қолынан әзірге ештеңе келе қояр түрі жоқ. Оған да тәубе. Жер бетіндегі әр қыз өзін қауіпсіз сезінгісі келеді. Яғни, жанында өзін қорғайтын еркек кіндіктінің болғанын қалайды. Қыздар шешім қабылдай алмайды, оған дағдыланбаған, шешім қабылдау оларға қажет те емес. Неге соңғы кезде тәуір деген қыздың бәрі «жаман жігіттерге» жолығысып, соларға тағдырын қосады? Себебі, жылаңқы жігіттерден шаршады. Егер еркекпін деген адам шешім қабылдай алудың маңызды екенін түсініп, іске көшсе, түсіністік жоқ жерде де өмірдің қалай өзгеретінін білер еді.
Сенімсіздік. Әйел өзі туралы тым төмен ойлап, ешкіммен қарым-қатынас құруға лайықты емеспін деген тосқауыл қойып алады. Туыстар мен таныстардың барлығы оған соны айтып, ескерте береді. Енді саған кім қарайды деген сыңайлы. Қазір бақыр басты еркектің өзі жолықса, рахмет айт, ал сен тағы махаббат деп ауыз ашқың келеді деп сөгеді. Жұрттың бәрі махаббатсыз өліп жатқан жоқ, ұрпақ қалдыруды ойла деп ақыл айтады. Осы сөздерімен бақытсыз тағдырға шегелеп тастайды.

[caption id="attachment_10073" align="alignleft" width="450"]155850610 Сіздің бақытсыздығыңыз - баланың да бақытсыздығы[/caption]

Бала. Иә, бала еркек пен әйелді сол үшін бірге өмір сүруге талпындыратын киелі ұғым. Сезім жоқ болса да, бала үшін өмір сүру, өз өміріңді лайықтап алмай тұрып, ол үшін өзіңді құрбандыққа шалу іспетті болмақ. Бірақ көбінесе өсіп жетілген балалар шешелеріне дер кезінде неге ажырасып кетпедің деп ұрсады. Өйткені, олар өмір бойы махаббатсыз кеңістікте өсуге мәжбүр болады. Өмірдегі ең қымбат екі жанның бақытсыздығына куә болып өседі. Соған өздерін кінәлі сезініп қалады.

Жаны ашу. Қарым-қатынастың ең түсініксіз түрі болар. Мұндай жұптар ұзақ уақыт бойы бірге, әрі бақытсыз ғұмыр кешеді.
Дәті мықты әйел ерін сүймесе де, оған жаны ашыған соң ажыраспайды. Күйеуі отбасын қалай жақсы көретінін біледі, балаларға жақсы қарым-қатынасын, оған деген ілтипатын көріп тұра кете алмайды. Бірақ түптің түбінде жанашырлық жек көрушілікке ұласып кету қаупі бар. Одан кейін ұрыс-керіс, суыну, бәрібір ажырасып кетуге тура келеді. Бір-бірін қинамау үшін көп жұптар соған келеді.

Беймәлім өмір алдындағы үрей. Қорқақтар келешегінен үрейленеді. Бұдан артық ешкімді таппасам қайтем деп шүбәланады. Қолда барын жоғалтқысы келмейді. Төзе берейін, бірдеңесі болар деуден артықты бұл ергежейлі ойлай алмайды.
ШынарҚымбатты ханымдар! «Махаббатсыз дүние – бос!». Сезім сыйлаңыздар. Өзіңізге, оған да. Бірге тұратын жандарды бақытсыз етпеңіздер. Сезім жоқ жерде, текке ойнауды доғарыңыздар. Сізді сүйген жүрекке бекер үміт пен бос елес сыйлауды тоқтатыңыздар! Сізді сүйген жүрекке шынайы ыстық ықыласыңызды ғана арнаңыз. Өтіріктен «мен де сені сүйем» дегенше, шынайы түрде «сен келгенше ұйықтамай отырамын» деу әлдеқайда артық екенін түсінсеңіздер екен.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x