Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесі қоғамға қандай пайдасын тигізуде?

Dalanews 29 шіл. 2022 14:33 210

Бұған дейін Dalanews.kz Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесі жөнінде егжей-тегжейлі жазған болатын. 

Ассамблеяға ақыл-кеңес айтып, отбасылық құндылықтарға қатысты көзқарасын ортаға саласын орган ретінде құрылған Аналар кеңесі еліміздің барлық өңірінде белсенді. Ассамблея ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанда бүгіндері 1800-ге жуық Аналар кеңесі бар, оған 10 мың жуық адам мүше.

Кеңес отбасының іргесін нығайту, ана мен баланы қорғау бағытында соңғы жылдары нендей жұмыс атқарды? Dalanews.kz осы турасында Кеңес төрайымы Алтынай Тәңірбергенова мен ұйымның Түркістан өңіріндегі филиал басшысы Дүйсенкүл Жамболованың пікірін білген болатын.

"Аналар кеңес жанұя институтының іргетасын бекітіп, қабырғасын нығайтуда маңызды рөл атқарып отыр. Аналар кеңесінің жалпыұлттық форумын 2014 жылдан бері үзбей өткізіп келеміз.

Иә, қоғам тарапынан кеңестің функциясына қатысты түрлі сауал туындауы заңды. Шын мәнінде, Аналар кеңесінің жұмыс аясы қоғамның барлық саласын қамтып отыр. Отбасы ғана емес, білім саласы, денсаулық сақтау, құқықтық мәселемен бетпе-бет келген кез-келген азамат біздің ұйымның кеңесіне жүгіне алады", – дейді бұл ретте Алтынай Тәңірбергенова.

Ал Дүйсенкүл Жамболованың атап өткеніндей Аналар кеңесінің соңғы жылдары - еліміздегі қыз-келіншектердің құқық саласындағы сауатын арттыруға күш салуда. Әке-шешенің қамқорлығынан қағылған тастанды балалардың мәселесін шешуге де ұйым белсенділері атсалысып жатыр.


"Әйел баласының қырын жаны бар" дегенді жиі естиміз. Десе де, таяқтың екі ұшы бар ескеру керек. Қыз баласы қорлыққа көне берсе, төзе берсе, мұның соңы трагедиямен аяқталуы мүмкін. Осы себепті де Аналар кеңесі тарапынан қыз-келіншектерге бірінші кезекте құқықтық және психологиялық консультациялар беруге мүдделіміз. Қиын жағдайда қалған жалғызбасты аналарға тек осылай ғана араша түсеміз", – дейді ол.

Бүгіндері Аналар кеңесінің жанынан 600-ге жуық шығармашылық орталықтар, үйірмелер ашылған. Кеңес мүшелері Үкімет деңгейінде қабылданған Отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі концепцияны жетілдіруге үлес қосуда.

Кеңес төрайымы Алтынай Тәңірбергенованың атап өткеніндей ұйым жалғызлікті аналар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналарға қолдан келгенше жәрдем көрсетуде. Айталық, кеңес мүшелері ұйытқы болған "Ана тайм" бастамасы аясында 100-ден аса қыз-келіншек бизнестің қыр-сырын меңгеріп, 60 әйел кейіннен өз кәсібін ашқан.

"Жалғызбасты аналарды жалғыз қалдырғымыз келмейді. Керісінше, олар көмекке мұхтаж кезде қол ұшып, қолтығынан демеуіміз қажет", – дейді кеңес төрағасы.

Dalanews.kz анықтамасы:


Ассамблея жанынан құрылған "Аналар кеңесі" негізгі бағыты – еліміздегі отбасы институтының өрісін кеңейту, қыз-келіншектердің құқықтық сауатын арттырып, балалардың әлімжеттікке ұшырауына жол бермеу осының негізінде елдегі отбасылық-демографиялық саясатқа сүйеу болу.

Кеңес мүшелері әке-шешесінен айырылған балалардың мәселесін шешуге, отбасылық дәстүрлерді жаңғыруға, ұлттық құндылықтары ұлықтауға ұдайы атсалысып келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x