Назарбаева биліктен түпкілікті кетті

Dalanews 02 нау. 2022 05:10 301

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді.

"Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабы және ҚР Конституциялық заңының 24-бабының үшінші және сегізінші тармақтарына сәйкес, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Смағұлов.

Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға 99 депутат дауыс берді, біреуі қалыс қалған.


Еске салайық, Дариға Назарбаева 25 ақпанда депутаттық қызметін тоқтататынын хабарлаған болатын. Ол әлеуметтік, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық шараларға толықтай көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын айтты.

Енді оның Мәжілістегі орнын жаңа депутат Саясат Нұрбек иеленеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x