Алматы статистика департаменті: «Халық санағы кезінде азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтердің құпиялылығы толықтай сақталады»

Dalanews 23 там. 2021 12:35 249

Ұлттық халық санағы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басқа қатысты ақпараттардың құпиялылығы және әркімнің үйіне келіп санаққа қатысты сауаланама жүргізетін интервьюерлер азаматтардың қауіпсіздігіне жауап береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Кез келген үйге келген интервьюердің қолында арнайы мөр басылып куәландырылған жеке кәулігін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар Ұлттық санаққа қатысатын қызметкерлерде арнайы қосымша орнатылған планшетпен жұмыс істейді. Сонымен қатар «Ұлттық халық санағы – 2021» белгісі бейнеленген шарф пен қол сөмкесі болатынын айта кетуіміз керек, – дейді Алматы қаласы статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматы қаласы мен өзге аймақтардағы тұрғындары халық санағына қатысты сұрақтарын 1446 анықтама телефонына хабарласып білуіне болады. Анықтама телефонымен байланысу тегін.

ҚР Мемлекеттік статистика заңының 21 бап, 2 тармағы бойынша халық санағы кезінде алынған мәліметтер мемлекеттік статистикалық мәліметтер базасын қалыптастыруға бағытталады. Бұл мәліметтерді жеке тұлға мен заңды тұлғаға қарсы пайдалануға заңмен тыйым салынған.

Осы ретте халық санағына қатысатын интервьюерлер ел азаматтарына қатысты ақпараттардың құпиялылығын сақтауға қатысты арнайы құжатқа қол қойғанын айта кетуіміз керек. Олар мәліметтердің құпиялылығына жауап береді.

Халық санағы кезінде ел азаматтары респонденттердің қойған сұрақтарына рет-ретімен жауап беруі тиіс. Респондеттерге берілген мәліметтер ешқандай жерге жарияланбайды. Алынған ақпараттар арнайы кодпен ҚР Ұлттық статистика бюросының базасына келіп түседі. Осылайша ақпаратты құпиялылығы толықтай сақталады. Ашық мәліметтер базасына тек жалпылама ақпараттар жарияланады. Олар – халықтың саны, жынысы, жасы, тұрғылықты жері, тұратын өңірі сынды ақпараттар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x