Елбасы «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барды

Dalanews 11 мам. 2021 17:24 334

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында  «Farab Library» кітапханасына барып, роботтандырылған техника зертханасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, сирек кітаптар мен манускриптер бөлімін көрді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Farab Library» кітапханасы – заманауи құрылғылармен және озық технологиямен жабдықталған көпфункциялы білім беру кешені.

Бұл жерде 480 мың кітапқа арналған кітап сақтау орны, цифрландыру, консервациялау және реставрациялау зертханасы, 400 адамға арналған дәріс залы, көрме атриумы, FabLab цифрлы шеберханасы,  музыкалық зертхана, фото және видеотүсірілімге арналған  мультимедиа залы, 3D модель жасайтын проекция залы, каллиграфия және қыш өнері студиясы, конференция өткізуге лайықталған залы бар коворкинг, компьютер сыныбы, сирек кітаптар мен манускриптер залы орналасқан.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x