Жиында Келес ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев, ТМД жанындағы интернационалист жауынгерлер коммитеті төрағасының орынбасары, ҚР «Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері» одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, және өзге де ардагерлер ескерткіш-монументті ашып, мәңгілік алауды жақты. Аудан имамы Айдар Садықов қаза болған соғыс ардагерлеріне Құран бағыштады.
Аудан әкімі Ақментай Есбаев жиылған қауымды Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерімен құттықтады.
Іс-шараға келген мәртебелі қонақтар да мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Қонақтар мен ардагерлер жаңа ашылған ескерткіш-монументке гүл шоқтарын қойып, қаруластарын еске алды.