Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Dalanews 30 шіл. 2020 03:44 233

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Шаһар басшысының өкімімен бұл қызметті Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі.

Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, «Жайық-пресс» ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x