Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында дін істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Исабаев мәлім етті.
- Автокөліктерден және жеке меншік үй иеліктерінен мал сатуға болмайды, - деді Асқар Исабаев.
ШҚО-ның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес онлайн режимде құрбандық шалуды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындардан басқа жерлерде мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар 2020 жылғы 30 шілде күні сағат 18:00-ден бастап 02 тамыз сағат 23:55-ке дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының және ІҚМ және ҰҚМ сату базарларының жұмысы тоқтатылады. Брифингке қатысқан Асқар Исабаев осылай деді.