Әзербайжан мектептерінде хиджапқа тыйым жаппай наразылыққа ұласты

Әзербайжан мектептерінде хиджапқа тыйым жаппай наразылыққа ұласты
ашық дереккөз

Әзербайжанда мектепте хиджаб киюге тыйым салуға қарсы наразылыққа қатысқан 37 адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әзербайжанда мектеп формасына қатысты жаңа ережелерге байланысты жаппай наразылық өтті. 21 қыркүйекте ел билігі мектеп формасының біркелкілігіне қайшы келетін немесе білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келмейтін киім элементтеріне тыйым салатын құжатты бекітті.

Құжатта "хиджаб" сөзі тікелей аталмағанымен, қазанның басынан бері әлеуметтік желілерде осы киімді киген оқушы қыздарды сабаққа кіргізбеген жағдайлар туралы ақпарат тараған.

Баку қаласында наразылық шаралары өтіп, оған жүздеген адам қатысты. Әзербайжанның Ішкі істер министрлігі 37 адам ұсталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандар жанжал шығарып, мемлекеттік білім беру мекемелеріне зиян келтірген, көлік қозғалысына және оқу орындарының қалыпты жұмысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.