Қазақстан Ұлттық банкі халықаралық резервтердегі алтынның үлесін азайтуды жоспарлап отыр. Бұған дейін әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болған қаржы реттеушісі енді бағалы металдың бір бөлігін сатуға ниетті, деп хабарлайды dalanews.kz bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк 2026 жылдың соңына дейін халықаралық резервтердегі алтынның үлесін қазіргі 78 пайыздан 75 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр.
Қазір Қазақстанның алтын қоры 386 тоннаны құрайды. Ал қыркүйек айының қорытындысы бойынша елдің халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 66,4 миллиард долларға жеткен.
Жоспарға сәйкес, алтын үлесін қысқартудың жартысы опциондар сату арқылы, қалған бөлігі нақты алтынды өткізу есебінен жүзеге асырылмақ.
Ұлттық банк неліктен алтын сатпақ?
Мұндай шешімге халықаралық резервтердегі алтын үлесінің шамадан тыс жоғары болуы себеп болған. Қаржы реттеушісі резервтерді әртараптандырып, қаражатты түрлі активтер арасында бөлуді көздейді.
Бұған АҚШ-тың қазынашылық облигациялары кірістілігінің артуы да әсер еткен. Аталған көрсеткіштің соңғы 24 жылдағы ең жоғары деңгейге жетуі доллармен есептелетін активтердің тартымдылығын күшейткен.
Алтын арзандаса, оны сатудың қажеті болмауы мүмкін
Дегенмен Ұлттық банктің жоспары әлемдік нарықтағы алтын бағасына да байланысты.
Егер бағалы металдың бір унциясы 4 мың доллардан төмендесе, оның халықаралық резервтердегі үлесі қосымша сатылымсыз-ақ жоспарланған 75 пайыздық деңгейге жақындауы мүмкін.
Осылайша, Ұлттық банк алтын қорынан толық бас тартуды емес, халықаралық резервтердің құрылымын теңгерімді етуге бағыттал