Жолақысы үш есе қымбаттап кеткен: inDrive-қа ескерту жасалды

Жолақысы үш есе қымбаттап кеткен: inDrive-қа ескерту жасалды
Сурет: pexels

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне алдын ала ескерту жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оған 11 қазанда "Яндекс Go" сервисі уақытша қолжетімсіз болуына байланысты жолақысы едәуір қымбаттағаны туралы хабарламалар негіз болған.

Агенттік мәліметінше, қолданушылар такси шақыруға арналған балама платформаларға жаппай ауысуы нәтижесінде inDrive қызметіне сұраныс айтарлықтай артқан. Тіпті кейбір жағдайларда сапар құны үш есеге жуық өскен.

inDrive сервисінің жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты сапар құны жолаушы мен жүргізуші арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Алайда бос көліктердің тапшылығы жүргізушілер ұсынатын тариф едәуір өсуіне әкеп соққан.

"Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес тұтынушылардың айқындалмаған тобының заңды құқығына нұқсан келтіретін әрекет бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері болуы мүмкін. Осыған байланысты агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабы 1-тармағына сәйкес жазбаша алдын ала ескерту жолдады", - деді агенттік өкілдері.