Шығыс Қазақстан облысында 12 ауыл әкімі жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында 12 ауыл әкімі жауапқа тартылды
ЖИ: Dalanews.kz

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында спутниктік суреттерді талдау және аудан аумағын көзбен шолып тексеру нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерімен 177 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Прокурорлар тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырды.