Экс-министр Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте тағайындау жүргізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.