ШҚО. Алтай қаласының кәсіпкерлері провизорлық емханаға тұрмыстық техникалар сыйлады

Dalanews 22 шіл. 2020 09:37 263

Бүгінде Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданының дәрігерлері індет жұқтырып, қиын жағдаймен бетпе-бет келген адамдардың өмірін сақтап қалуы үшін күн-түн демей күресуде.

Дәрігерлердің көмегінің арқасында дертінен айыққан пациенттерді бірден үйлеріне жібермей провизорлық емханаларда ем алып, дәрігерлердің бақылауында.  Осы ретте жергілікті кәсіпкерлер коронавирусты жеңген науқастардың алаңсыз ем алуына жайлы жағдай жасауға өз үлестерін қосуда.

Айталық, Алтай қаласындағы тұрмыстық техникаларды саудалау ісімен айналысатын «Комфорт» (қожайыны В.Дериглазов), «Былина» (қожайыны Е.Щеглов), «Электромир» (қожайыны А.Фоминых), «Добрострой» (қожайыны Ю.Токарев) дүкендерінің иелері Алтай қаласы мен Грехово ауылында орналасқан провизорлық емханаға автоматты режимде кір жуатын машина,  термосамаурын, желдеткіш, электргі қажетті жабыдықтарды жеткізіп берді.


Кәсіпкерлер ел басына күн туғанда қайырымдылық іс-шараларынан шет қалмай, өз үлестерін қосуы қоғамды бұрынғыдан бетер біріктіре түсетінін алға тартты. Өз кезегінде пациенттер кәсіпкерлердің азаматтық танытып, қамқорлық көрсеткеніне дән риза екендерін жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x