Түркістандық балуандар Түркияда өткен халықаралық турнирде топ жарды

Ақтоты Жапатова 12 мам. 2025 16:20 235

Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар