Қазақстанда 265 мыңнан астам қыз бала HPV-ға қарсы вакцина алды

Қазақстанда 265 мыңнан астам қыз бала HPV-ға қарсы вакцина алды
pixabay.com

Қазақстанда 265 мыңнан астам 11–13 жас аралығындағы қыз бала адам папилломасы вирусына (HPV) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 265,2 мыңнан астам қыз бала вакцинаның бірінші дозасын алған. Оның ішінде 175,1 мыңы екінші дозаны қабылдап, вакцинацияның толық курсынан өткен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2026 жылдың басынан бері 51,4 мың қыз балаға алғашқы доза, ал 49,6 мыңына екінші доза салынған.

Сонымен қатар, министрліктің тапсырмасымен 2026 жылғы 13 мамырдан бастап 14–17 жас аралығындағы қыздарға ерікті вакцинация жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін вакцинаның алғашқы дозасын 32,2 мыңға жуық жасөспірім алған.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алғандардың арасында вакцинадан кейінгі қолайсыз әсерлер тіркелмегенін мәлімдеді.