Осылайша облыстағы стационарларда орын тапшылығы жойылған. Егер қажеттілік туындаған жағдайда жеке клиникаларды да оңтайландырып пайдалануға қатысты келісім бар.
Аймақтағы емханалар жанынан құрылған 161 мобильді топтың халыққа тынбай қызмет етіп, үйден емдеу шараларын қолға алғаны арқасында коронавирустан жазылып шыққандар саны артуда.
2020 жылғы 15 шілдеге дейінгі орындардың жүктемесі 77% қамтыған болса, 21 шілдеде төсек-орындардың жүктемесі 66%-ды құраған. Яғни, ауруханада ем алушылар саны 9%-ға азайған.
Сол сияқты облыста жедел жәрдемді жалпы шақырыс 2 есеге азайса, дене қызуымен хабарласушылар 3 есеге, пневмониямен шақыртулар 2,5 есеге азайған. Қазіргі таңда шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрауда.
Аймақ бойынша емханалар жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде. Айта кету керек, бұған дейін мобильді бриагаданың саны 125-ке жеткен. Топтар науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау мақстаында құрылған-ды.
Жағдайды бағамдау үшін ұйымдастырылған мониторингтік топ та қызу жұмыс істеуде. Қызылорда облысында мұндай топтардың 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 100-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсетуде.
20 шілдеден бастап Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал жайлы ақпарат алу үшін CALL орталығы жұмыс істей бастады. CALL орталығы 14 қызметкермен қамтылған және 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша 8-800-080-22-26, 40-00-01 CALL орталығына хабарласу арқылы және Facebook әлеуметтік желісіндегі #Oblystyq Jastar Densaylygy Ortalygy парақшасына хабарлама қалдыру арқылы эпидахуал жайлы ақпарат алып, керіс байланыс орнатуға болады. Қоңырау тегін қабылданады.