Абай ауданына Шымкенттен жеткен керемет сый

Dalanews 22 шіл. 2020 09:13 953

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданына Шымкент қаласынан кермет сый жеткізілді.  

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 кешкі орталау мектебінің директоры Ысқақ Асанов «Абайдың қара сөздері» деген алып кітапты алыстан Абай еліне алып келді.

Кемеңгер ақынның қара сөздері топтастырылған алып кітаптың салмағы 27 келіні құрайды.

Қазақстанның 2020 жылғы Реккордтар кітабына енген кітапты шымкенттік білімгерлер ақынның кіндік қаны тамған Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханаға сыйға тартуды жөн деп шешіпті.   


Алдағы уақытта аталмыш кітапты Абай ауылына саяхаттап келген кез келген адам тамашалай алады.

Кермет сый жеткізген шымкенттік білімгерлер аудандағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Осы ретте М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада өткен шағын іс-шарада тиісті санитарлық сақтық шаралары толықтай сақталғанын айта кетуіміз керек.

Шағы құрамда өткен кеште Ұлы ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кітапхана қызметкерлері осындай ешкімнің ойына келмейтін сый жасаған Шымкент қаласының ұстаздарына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар