Алматыда Mercedes мінген жүргізуші жол жиегіндегі үш адамды қағып кетті

Dalanews 14 ақп. 2018 11:54 282

Алматыда көлік жол жиегінде тұрған үш адамды соғып кетті, қаза болғандар бар, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Райымбек даңғылынан төмен Күдерин көшесінде болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mercedes E-Class солтүстік бағытта үлкен жылдамдықпен келе жатқан.

Райымбек даңғылынан төмен қарай жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, осы жерде тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін дүңгіршікке барып соғылған.

67 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Біреуі өте ауыр халде жатыр.

Оқиға орнында жол полициясы мен криминалистер жұмыс істеуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x